Ұлы тұлғалардың оғаш әрекеттері
19-01-2023
105 жыл бұрын (1915-2013) журналист, әдеби мұраларды жинаушы Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатова дүниеге келді. Орынбор қаласында туған.
Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университет) бітірген. 1939-1987 жылдары – дәрігер-дерматолог қызметін атқарған. Ол – «Алаш» қозғалысының қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, тағы басқалар туралы деректерді алғаш жариялаушы. Алматыдағы Орталық мұражайға, Торғайдағы, Семейдегі, Астанадағы мұражайларға саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты олардың жеке заттарын, кітаптар, суреттер, хаттар мен құжаттар, т.б. көптеген экспонаттар тапсырған. Баспасөзде Дулатованың очерктер мен эсселері 1988 жылдан жариялана бастады. «Свет истины» («Шындық шырағы») кітабы 1995 жылы, 1999 жылы екі томдығы жарық көрді. Сондай-ақ, ол әкесінің «Оян қазақ!» (Алматы, 1989) кітабын, 2 томдық шығармалар жинағын (Алматы, 1996, 1997), 5 томдық шығармалар жинағын (Алматы, 2004) құрастырушыларының бірі.