«Борат-2» фильміне қарсы болған жұрт митингке шықты
Бүгін 23 қазанда "Борат-2" фильміне наразы болған "Намыс" қозғалысының өкілдері Алматыдағы АҚШ консулдығының алдына жиналды. Олар өздерінің фильмге қарсы петициясын консулдың өзіне табыстамақшы, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Петицияға шамамен 50 адам қол қойған. Бұл бір түннің ішінде ұйымдастырылған шара. Қозғалыс өкілдері АҚШ-тың бас консулдығына наразылықтарын айтып аталмыш петицияны табыстады. Алдағы уақытта елшіліктің өкілдері шара қолданатынын айтты. Алайда қай уақытта қолданатыны нақтыланбады.
Бүгін наразылыққа келгендер жақын арада Алматыдағы елшілік қандай да бір шара қолданбаса, өз петициясын Қазақстандағы АҚШ-тың бас консулдығы орналасқан Нұр-Сұлтан қаласына барып табыстамақ.
Бұған қоса, наразылықты ұйымдастырған "Намыс" қозғалысы қазақстандықтарға бұл фильмді көрмеуге кеңес берді.