Сайрамда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға пəтер кілттері табыс етілді
Аудан аумағындағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде 184 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесін шешу мақсатында Ақсукент ауылы, Интернациональная көшесіндегі 1984 жылы салынған коммуналдық меншігіндегі бос тұрған ғимарат күрделі жөндеуден өткізілді.
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру» бағдарламасы аясында 2019 жылы жергілікті бюджет есебінен қаралған қаржысына жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін 84,0 млн.теңге қаражат қарастырылды. Мердігер мекеме "Астана- көктем С" ЖШС-і.
Ғимараттағы тұрғын үй жайларымен 17 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамтамасыз етіледі. Солардың ішінен бүгін аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков 5 отбасыға пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.
Ғимараттың жалпы алаңы – 586,3 ш.м., тұрғын-үйдің алаңы – 367,8ш.м. құрайды.