42500-ден қағылған жалдамалы жұмысшыларға жәрдемақы тағайындалатын болды

Oinet.kz 08-10-2020 807

Карантин кезінде 42 500 теңгені ала алмай қалған жалдамалы жұмысшыларға да әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Ол үшін жұмыс беруші жыл соңына дейін апелляциялық өтінішпен бірге тағы екі құжат тапсыруы керек. Бірақ, бұл мүмкіндік тек шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндерге беріледі. Бұл туралы Oinet.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

image.png

Базарда жалдамашы жұмысшы болып қызмет етіп келгендердің біразы 42500 теңгеден қағылғаны белгілі. Өйткені, әу баста жұмыс берушімен арада еңбек келісім шарты жасалмаған соң, қазір уақытша жұмыс істемейтіндері туралы құжаттары жоқ. 

- "Жұмысшылардың құқығы тапталатын жерлер - базарлар. Сол кәсіпкерліктің басшылар өздерінің бұйрықтарын және тізімдерін өткізуі керек болған", - деді Алматы қаласы Наурызбай аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің басшысы Зәуре Әбілдаев.

Әзірге Алматы қаласы бойынша 431 жұмыс беруші өзінің жалдамалы жұмысшысына әлеуметтік төлем алуы үшін аппеляциялық өтініш толтырған. Үкімет тарапынан оның 70 пайызына 42500 теңге тағайындалыпты.

Нұргүл Қайратқызы да ТЖ кезінде жәрдемақыны алу үшін өз бетімен өтініш беріп көрген. Нәтижесінде, оған төлем тағайындалмаған. Бірақ, ол жұмыс берушіге құқығымды таптатып қоя алмағанын айтады. 

- "Жұмыс беруші маған уақытша жұмысшы деген қағаз берген жоқ. Айлықты күніне алатынмын", - деді әйел. 

Дәл осылай еңбекақыны қолына ұстатып, жұмыс күшін пайдаланып келген кәсіпкерлер жыл соңына дейін жалдамалы жұмысшыларын тіркеп, олардың әрқайсысына уақытша жұмыссыз деген құжат беруге міндетті. Сонда ғана шағын және орта кәсіпкерлік саласында еңбек етіп, табысынан айырылып қалғандарға әлеуметтік төлем тағайындалады. 

- "42500 теңгені алу үшін жұмыс беруші алдыңғы тоқсандағы өзінің табыс көзін дәлелдейтін құжат қажет. Шілді, тамыз, қыргүйекте табыс көзі болмаса, онда комиссия бар, штаб құрылған, біз қарастырамыз", - деді Алматы қаласы Наурызбай аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімінің басшысы Зәуре Әбілдаев.

Яғни, комиссия шағын және орта кәсіпкерліктің төтенше жағдайға дейін жұмыс жеткізсе болды. Жалдамалы жұмысшының уақытша жұмыссыз екенін растайтын құжатты жұмыс берушінің өзі заңды тұлғаның тіркелген мекенжайы бойынша аудандық әл-ауқат басқармасына тапсыруы тиіс екен.

«Қазақстанда қатаң карантин қайта енгізілуі мүмкін» – Бағдат Қожахметов
Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу