Танымал депутат отандық режиссерларды сынға алды
Депутат Геннадий Шиповских отандық режиссерлердің еңбегін сынады, деп хабарлайды Oinet.kz. Ол бұл туралы adebiportal.kz-дағы "Оқы және тұлға бол!" бағдарламасына берген сұқбатында айтқан.
Депутат отандық авторлардан Мұхтар Әуезовтің, Ілияс Есенберлиннің, Дулат Исабековтың, Әбіш Кекілбаевтың кітаптарын оқығанды қатты ұнатады екен.
- "Біздің режиссерлердің түсіретіні - той-томалақ, құда-құдағи... Осыдан кетіп, Голливуд ізіне түсетін уақыт жетті деп ойлаймын біздерге. Мысалы, ғылыми-фантастикалық, детектив-триллер және тағы тағысын. Қазір осы жанрлар бізде сусап тұр. Сонда қоғамда бетбұрыс басталады", - деген депутат өз сұқбатында кітап пен адам болмысы жайынан кеңінен көсіліпті.