Шымкентте көпбалалы анаға шабуыл жасалды (фото, видео)

Oinet.kz 29-09-2020 1073

Шымкент қаласының тұрғыны өзін тонап және зорлауға әрекет еткен ер адам туралы мәлімдеді. Бірақ осы қылмыстарға күдікті ретінде ұсталған азамат өзін жәбірленуші деп санап отыр, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

"Отырар" телеарнасы оқиғаның жай-жапсарын жариялады. 35 жастағы төрт баланың анасы кешке қарай жұмыстан үйіне оралған шақта оған шабуыл жасалған екен. Қала тұрғынының айтуынша, ер адам оның бетінен ұрып, күркенің артына сүйреп апарып, зорламақ болған. 

- "Ол мені қолымнан ұстап алып, күркенің артына сүйреді, ұрды. Ол мені тұншықтыра бастады, зорламақ болды. Мен өзіме тиіспеуге әрең дегенде көндірдім. Ол менің жүзігімді, әмиянымды, телефонымды, ақшамды алды – бес жүз теңге және тиындар", – деді жәбірленуші. 

Оқиға орнына жеткен полицейлер күдіктіні жарты сағаттан кейін қолға түсірді. Ер адамның 38 жаста екендігі және ұстау кезінде одан алкогольдің иісі шыққаны белгілі болды. Оның қолында жәбірленушінің сақинасы, телефоны және ақшасы табылған. Алайда күдікті азамат өзінің кінәсін үзілді-кесілді жоққа шығарады.

Оның айтуынша, әйелдің өзі оған жақындап, арақ алу үшін ақшалай көмектесуді сұраған. Ер адам ақысына не бере алатынын сұрағанда, көпбалалы ана оны күркенің артына апарған көрінеді. 

- "Ол маған неке жүзігін өзі берді, телефонды мен алмадым. Мен дүкенге нанға бардым, бұл әйел маған қарама-қарсы шықты... Менің қалтамда бар-жоғы 570 теңге болды, бәрін бердім. Мен оны ұрған жоқпын. Мен оған ақша бердім, оның үстіне ол менің телефонымды да алды", – деді ұсталған полицияға. 

Осындай түсініктемелерге қарамастан, күдікті ер адам ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Танымал депутат отандық режиссерларды сынға алды
Өзекті мәселелерді шешу жолдары аудан басшысының назарында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу