Коронавирус қай елде қалай өрбуде?
Күздің алғашқы белгілері білінісімен әлемде коронавирусқа қатысты ахуал ауырлай түсті. Мамандардың «күн суытысымен ауру қайта қозады» деген болжамы тура келетін сияқты.
23 қыркүйектегі мәлімет бойынша әлемде COVID-19 індетін жұқтырғандардың саны 31 800 956 науқасқа жетті. Өлгендердің саны миллионға жуықтап қалды (981 245). Дерттің өлім-жітім көрсеткіші шамамен 3 пайыздың көлемінде болып тұр.
Аурудың екінші толқыны Еуропа елдерінде басталып кетті.
Статистикаға қарағанда, коронавируспен ауырған науқастардың саны жағынан бірінші орынды АҚШ бермей келеді. Бұл елде науқастардың саны 7 миллионнн асса, 205 мыңнан астам адам қаза тапқан. Екінші орынды иеленген Үндістанда 5 миллион 650 мың адам ауырып, 90 мыңнан астам адам көз жұмды. Үшінші орында Бразилия (4,5 миллио науқас, 138 мың өлім).
Ал Қазақстанда 107 450 науқас тіркелген. Бұл әлемдегі науқастардың 0,34 пайызын құрайды. 1 699 науқас қайтыс болды. Бұл жалпы науқастардың 1,58 пайызын құрайды. Қазақстан корнавируспен ауырғандардың саны жағынан әлемде 32-орында тұр. Халқы бізден екі есеге көп Өзбекстан 53- орында. Бұл елде 53 мың адам ауырып, 443 адам қайтыс болған. Қырғызстан 59-орында. Бұл елде аурулардың саны 45 мыңнан асқан. Бірақ бір таңқаларлығы, дерттен өлген қырғызстандықтардың саны 1498 адамға жетіп отыр.