Сайлауға қолбала кандидаттар тартылған

Oinet.kz 24-09-2020 806

Тәжікстанда президент сайлауына түсетін кандидаттар тіркеуден өтті. Бес үміткердің екеуі бұрын да сайлауға түскен. Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеп, үгіт-насихат науқаны басталды. Биылғы сайлау 11 қазанда өтпек.

Израильде бір жыл ішінде үшінші рет сайлау өтіп жатыр - Karasayinfo.kz |  Новости Карасайкого района

Тәжікстандық саясаттанушы Шокирджон Хакимов президент сайлауына тіркелген үміткерлерді "басқарылатын" кандидат деп санайды. Оның айтуынша, бұл кандидаттар басқарушы элитаның билігін сақтап қалуға септеседі. «Билік сайлауға салмақты саяси күштерді жіберуі керек болатын. Осы арқылы қоғамдағы көңіл-күйді зерттеп, дебаттарда барлық түйткілді талқылауға болар еді», – дейді Шокирджон Хакимов «Азаттықтың» Тәжік қызметіне берген сұхбатында. Ал қазақстандық саясаттанушы Думан Қабдығалиев кандидаттар бағдарламасының дені билік назарға алған шараларды қамтитынын айтады. «Кандидаттар құрамы да әлсіз. Мықты саяси күш жоқ. Бұл Қазақстандағы президент сайлауын еске түсіреді», – дейді сарапшы. Оның айтуынша, Эмомали Рахмон қолбала кандидаттарды сайлауға тарту арқылы өзінің ұзаққа созылған билігін заңдастырғысы келеді.

Тәжікстанда сайлаушылардың 50 пайыздан астамы дауыс берсе, сайлау өтті деп есептеледі. Бұған дейін халықаралық ұйымдар бұл елдегі сайлауларды демократияға сәйкес емес және ашық өткізілмеді деп сынаған болатын. Сондай-ақ бұл жолғы сайлаудың өзіндік ерекшеліктерін айтушылар да аз емес. «Азаттықта» үш өзгешелік туралы айтылады. Біріншіден, бұл сайлау бұрынғы сайлаулардан бір айдай ерте өткізілмек. Эмомали Рахмон іс басына келген 1994 жылдан бері 6 қараша, Конституция күнінде өткізіліп келген президент сайлауының мерзімі биыл COVID 19 індетіне байланысты өзгертілгені айтылады. 11 қазанды сайлау күні ретінде ұсынған Парламенттің төменгі палатасы төрағасының бірінші орынбасары Махмадулло Ватанзода таулы өлкеде күн суығанда вирустың кең таралуы мүмкін екеніне меңзеп, оның алдын алу үшін сайлауды ертерек өткізу ұтымды болады деген. Ол бұған парламент президент сайлауы туралы заңда айтылған президенттің мерзімі бітуге екі ай қалған кезде сайлау мерзімін бекітеді деген бапты мысалға келтірген. Алайда парламенттің сайлау мерзімін ерте белгілеуін Социал-демократиялық партияның басшысы Рахматилло Зойиров заңға қайшы деп сынаған. Оның айтуынша, сайлаудың ерте өтіп, жаңадан сайланған басшының іс басындағы президенттің мерзімі бітпей жатып, ант беруі қайшылық тудырады. Бұл іс басындағы президенттің өкілетін қысқартады. Бірақ Тәжікстанда президент сайлауының мерзімі заңда нақты бір күнге байланбаған. Бір қызығы – бұл жолы сайлаудың кеш жарияланып, ерте өткізілуі кандидаттарға әсер етпейтіні байқалады.

Екіншіден, қазіргі президент Эмомали Рахмон "Ұлт көшбасшысы – бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы" мәртебесін иеленгеннен кейін бірінші рет сайлауға түсіп отыр. Тұтастай алғанда, Рахмон осымен, президенттік сайлауға бесінші мәрте қатысады. Тәжікстанда президент жеті жылдан екі мерзімге сайланады. Бірақ бұл талап "ұлт көшбасшысына" жүрмейді. Ал сайлауға түсетін кандидаттар арасындағы арасалмақ жер мен көктей. Үшіншіден, бұл – президенттікке кандидаттың жасы 35-тен 30-ға кішірейтілгеннен кейін бірінші рет өткізілетін сайлау.

Сайлауға өзін-өзі ұсынған тәуелсіз кандидат қажетті дауыс жинай алмай қалғандықтан, науқанға қатыспайтынын жариялады. Орталық сайлау комиссиясы тағы бір кандидаттыққа ұсынылған адамның қажет дауысты жинай алмай, тіркелмегенін хабарлады. Тәжікстанда президент сайлауына түсу үшін кандидат 250 мың қол жинауы керек. Орталық сайлау комиссиясы сүзгісінен өтіп, кандидат болып тіркелгендердің төртеуі – депутат, біреуі – іс басындағы президент. Бұлардың ішінде Абдухалим Ғаффоров президент сайлауына – үшінші рет, Эмомали Рахмон бесінші рет қатысып отыр.

Коронавирус қай елде қалай өрбуде?
Кипр кедергі келтірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу