Қазақстанда блогерлер салық төлейтін болды
15-01-2024
2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йорктегі мұнарасы көк тіреген Дүниежүзілік сауда орталығында екі ұшақ жарылып, ғимарат жермен жексен болды. Терроршылардың басқаруындағы үшінші ұшақ Пентагон ғимаратына, төртіншісі Пенсильвания штатының аумағына құлады.
АҚШ-та орын алған төрт өзара келісілген жанкешті лаңкестік шабуылдардың тізбегі. Бұл шабуылдардың жауапкершілігін «әл-Қағида» лаңкестік ұйымы өз мойнына алды.
Әл-Қағида
Әл-Қағида (Әл-Қаида, Аль-Каида, араб.: القاعدة, al-qāʿidah — «негіз», «қағида», «фундамент») — ең ірі халықаралық ультрарадикалды лаңкестік ұйымдардың бірі. Әл-Қағида 1988 жылы құрылған. КСРО әскері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін Әл-Қағида өз күресін АҚШ-қа, Батыс әлемінің басқа да елдеріне және Ислам әлеміндегі олардың жақтастарына бағыттады. Ұйымның мақсаты Ислам елдеріндегі зайырлы үкіметтерді құлатып, «Ислам халифатын» құру болып табылады. Целью организации является свержение светских режимов в исламских странах, создание «Великого исламского халифата».
1998 жылы Кения мен Танзаниядағы АҚШ елшіліктеріндегі жарылыстардан кейін, Әл-Қағида әлемдегі №1 лаңкестік ұйым атағын иемденді. Әл-Қағида бірқатар лаңкестік актілерді жоспарлау мен орындауды өз мойнына алды, оның ішінде 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілер бар. 11 қыркүйектегі шабуылдан кейін басталған және Әл-Қағиданың әрекеттерімен және оларды оларды тоқтату шараларымен байланысты оқиғалар тізбегі «Лаңкестікке қарсы соғыс» деген атаумен белгілі.
Лаңкестік әрекет салдарынан 3 мыңнан астам адам қаза тауып, 6 мыңға жуығы жараланған. 24 адам із-түзсіз кетті. Өрт сөндірушілер мен полицейлердің күшімен апаттан 30 мыңға жуық адам құтқарылған.
2001 жылдың 12 қыркүйегінде АҚШ президенті Джордж Буш Нью-Йорк және Вашингтондағы террорлық әрекеттерге байланысты Америка халқына телевизиялық үндеу жариялап, барлау және құқық қорғау органдарының барлық ресурстарына теракт ұйымдастырушыларын тауып, жазалау жөнінде бұйрық берілгенін мәлімдеді.
2006 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йоркте терракт құрбандарына арналған монумент ашылды. Ресей мүсіншісі Зураба Церетелидің бұл туындысы - ресейліктердің Америка халқына арнаған терракт құрбандарын еске алу белгісі. Өзіндік сәулетімен көпшілікті тамсандырған аталмыш ескерткіш АҚШ-тың Байонне қаласында, Нью-Джерси штатында салынған. Ескерткіштің биіктігі - 30 метр, салмағы 170 тоннадан астам.
«Егіз» мұнараларды қиратқан 11 қыркүйек оқиғасына биыл 19 жыл толды.