Білім министріне шүйліккен Дания Еспаева туралы не білеміз?

Oinet.kz 14-09-2020 3356

Жақында Мәжілістің жалпы отырысында Дания Еспаева Білім министріне шүйліккен болатын деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

10661239.jpg

"Жазда білім министрі Аймағамбетов жаңа оқу жылында қашықтан білім беру жағынан қиындық болмайды деп сендірген. Алайда "Ақжол" фракциясының депутаттары өңірлерді аралап шыққаннан кейін шілде айында министрге тағы үндеу жолдап, жағдайдың түзелмегенін жеткізген", - деді ол. 

Депутаттың айтуынша, көпбалалы отбасылардың балалары бір смартфонға таласып, сабақ оқып жүр. Ал көптеген елді мекендерде интернет те жоқ.

"Шалғай жатқан елді мекендер былай тұрсын, тамыз айында Қаскелең қаласының ата-аналары интернеттің жоқтығына шағымданған. Олар Алматы қаласынан небәрі 24 шақырым шалғай жерде тұрады. Жаңа оқу жылы басталған бойда әлеуметтік желілерде осы іспетті проблемалар көбейіп кетті. Сонда мемлекеттен бөлінген қаржы қайда кетті?", - деп ашуланды Еспаева.

Осылайша, Білім министріне шүйліккен мәжіліс депутаты не білеміз? Осыған қысқаша тоқталып өтейік. 

Дания Еспаева 1961 жылы 5 наурызда Ақтөбе облысы Мәртүк ауданы Яйсан кентінде дүниеге келген.

1982 жылы Алматы есептік-кредиттік техникумды, 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолы

Еңбек жолын 1982 жылы КСРО Мемлекеттік банкі Ақтөбе облыстық басқармасы несиелеу бөлімінің экономисі болып бастаған.

Әртүрлі жылдары "Әлем банк" Ақтөбе облыстың басқармасы кредит бөлімінің бас маманы, несиелеу бөлімі басшысының орынбасары, "БТА банк" АҚ корпоративтік бизнес жөніндегі директордың орынбасары, "БТК Банк" АҚ Ақтөбе филиалының директоры, "Қазкоммерцбанк" АҚ Ақтөбе филиалының директоры қызметтерін атқарды.

2016 жылдың наурызынан бері – мәжіліс депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

Тағы оқыңыз: Сәдібек Түгел неге президент болғысы келеді?

Банк жүйесінде 1982 жылдан бері жұмыс істеген, бұл саладағы жалпы еңбек өтілі 34 жылды құрайды.

Басқа да қызметтері

2008 және 2012 жылдары Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.

"Атамекен" одағы Ақтөбе филиалы басқармасының мүшесі, Ақтөбе облысы өңірлік үйлестіруші кеңестің мүшесі болды.

Марапаттары

2011 жылы "Құрмет" орденімен, "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалімен, "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен, "Үздік қаржыгер" қоғамдық медалімен марапатталған.

Отбасылық жағдайы

Екі ұлы мен екі немересі бар.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус науқасы тіркелмеген Шымкентті мақтады
2001 жылы АҚШ-та орын алған алапат террактіге 19 жыл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу