Назарбаев Шөкеевпен кездесті
Тұңғыш президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен және бірқатар компания басшыларымен кездесті.
Елбасы Шөкеевпен Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін талқылаған. Әсіресе, облыс орталығында құрылыстың жай-жапсарына баса назар аударылған.
Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі қызметіне осыдан бір ай бұрын тағайындалған болатын. Н.Назарбаев облыстың жаңа әкімін арнайы алғаш рет қабылдап отыр. Бұл Елбасының президентіктен кеткеннен кейін де Түркістанның дамуына бейжай қармайтынын білдіреді.
Н.Назарбаев сондай-ақ, «Халық банкі» директорлар кеңесінің төрағасы А.Павловпен, «Орталық Азия Электрэнергетикалық Корпорациясы» директорлар кеңесінің төрағасы А.Клебановпен кездескен.