19 жасар бойжеткен бір видео үшін 92 мың доллар алады

Oinet.kz 09-09-2020 890

TikTok желісінде құр басын шайқап, "m to the B" трегіне билеген 19 жасар қыздың видеосы демалыс күндері 300 миллион көрілім мен 27 миллион лайк жинады. Бұл туралы Oinet.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

image.png

Бұл көрсеткіш TikTok үшін абсолютті рекорд. Филлипин тектес американдық Белла Поарч 19 жаста. Ол АҚШ әскери-теңіз күштерінде қызмет етеді. Желіде қолындағы сүйкімді геймпадпен тұраған бейнесі арқылы танымал бола бастаған.

Болжам бойынша, блогерлерге арналған TikTok аударымдарының арқасында бір видео үшін Белла 92 мың АҚШ долларын алады. Қазір оның 15 миллионға жуық оқырманы бар. Айта кететіні ол бұндай танымалдыққа бір жазда ие болды. 

Назарбаев: «Бізде басқа жол жоқ»
Ертеңнен бастап тағы бір қалада «Сергек» камерасы іске қосылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу