Атырау облысының алты ауылын құм басты
18-07-2023
10 қыркүйектен бастап Атырау қаласында жол ережесі мен қоғамдық тәртіпті бұзғандарды тіркеп отыратын "Сергек" камералары іске қосылады, деп хабарлайды Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.
2019 жылдың сәуірінде Атырау облыстық мәслихат депутаттары "Сергек" бейнебақылау камераларын орнатуға бір ауыздан келіскен еді. Жобаның құны 10 миллиард теңге. Сол кезде "Сергекті" 2020 жылы наурызда іске қосу жоспарланған.
Алайда ол 18 мамыр, кейін 1 маусымға қосылады деп екі рет кейінге қалдырылған болатын. Бүгінде Атырауда барлығы 2748 камера қойылған. Ал сауда үйлері және басқа да адам көп шоғырланатын орындардағы камералар "Сергек" жүйесімен біріктірілген.
Жол жүру ережесін және көшедегі басқа да тәртіпті бұзғандарды "Сергек" арнайы алгоритм арқылы автоматты түрде тіркеп отырады. Бұл ретте айта кетсек, жылдамдықты арттыру, бағдаршамның рұқсат етілмеген жарығына өтіп кету, тоқтау сызығын және жолақ сызығын басып кеткен қателіктер тіркеледі.
"Егерде жүргізуші "Сергек" камералары түсірген құқықбұзушылықпен келіспесе, прокуратураға немесе полицияға шағымдана алады. Арызы қаралып, оған өзінің құқықбұзушылығын көрсете де аламыз", - дейді облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Мырзалы Өтеғалиев.
Айта кетейік, ҚР ӘҚБтК-і бойынша көліктің жылдамдығын арттырғаны үшін әкімшілік айыппұл мөлшері (арттыру деңгейіне байланысты) 5АЕК (13890 теңге), 10 АЕК (27780 теңге), 20 АЕК (55560 теңге); бағдаршамның қызыл түсті шамына өтіп кеткені үшін – 10 АЕК, жол белгілерінің талабын бұзғаны үшін – 3 АЕК (8334 теңге) қарастырылған.
Еске сала кетсек, "Сергек" камералары алғаш рет Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қойылды.