Өзбекстан азаматы 1368 жылға сотталды
«2017 жылы Стамбұлда террорлық акт жасаған Өзбекстан азаматы Абдулкадыр Машарипов 1368 жылға бас бостандығынан айырылды» деп хабарлайды Anadolu басылымы.
- «Стамбұл соты Өзбекстан азаматы Абдулкадыр Машариповты 39 азаматты қасақана өлтірді деп тапты», — делінген ақпаратта.
2017 жылдың 1-қаңтарында Reina түнгі клубында Машарипов бейбіт азаматтарға автоматтан оқ жаудырған. Оқиға болған сәтте ғимаратта 700 адам болған. 39 адам көз жұмып, 65 адам жарақат алған. Оқиғаны ДАИШ террорлық ұйымы өз мойнына алған еді.