Алексей Цой пандемия туралы маңызды мәлімдеме жасады

Oinet.kz 09-09-2020 2223

Қазақстанда коронавирустың таралуы тұрақтанғанымен, басқа елдерде инфекция қайта өршіді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

2020062517571724386_5ef080501039a736934733.jpg

Министр қазіргі таңда коронавирус қайта өршіп, қиын жағдайда қалған мемлекеттер тізімімен бөлісті. Қауіпті елдердегі жағдай Қазақстаннан бес есеге жоғары.   

"Еліміздегі жағдайдың бір қалыпқа келгені байқалды. Еуропа мен Азияның бірқатар елдерінде коронавирустық инфекцияның кең таралуы байқалуда. Мәселен Италия, Австрия, Германия, Оңтүстік Корея мен Түркияда өсім байқалды", - дейді Цой.  

Министр коронавирустың кең таралуын болдырмау үшін халықты тағы да сақтық шараларын сақтауға шақырды.   

"ТМД елдеріндегі вирус таралуының орташа көрсеткіші Қазақстаға қарағанда бес есе көп. Қазіргі таңда коронавирустық инфекциясымен күресудің нәтижелі болуы адамдардың сақтық ережелерін сақтауымен тығыз байланысты. ДДСҰ-ның бас директоры Тедрос Гибрисус мәлімдегендей, бұл соңғы пандемия емес", - дейді министр. 

«Мектептегі білімнің сапасы нашар болады» - Аймағамбетов
Өзбекстан азаматы 1368 жылға сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу