«Мектептегі білімнің сапасы нашар болады» - Аймағамбетов

Oinet.kz 09-09-2020 1853

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында мұғалімдерді даярлау туралы жазба жариялады.

image.png

– Болашақ ұстаздарды дайындаудың қолданыстағы жүйесі, әсіресе жоғары оқу орындарында берілетін білім сапасы жиі сынға алынып жатады. Бұл сын орынды. Ескірген оқу бағдарламаларын, оқу барысында практикадан өту кезіндегі салғырттықты айтпағанда, статистикалық көрсеткіштердің өзінен бұл проблемалар айқын көрінеді. Сарапшылардың айтуынша, орта білімнің сапалы болуының негізгі құрамдас бөліктері – мұғалімдік жұмыстың тартымдылығы, осы мамандыққа түсушілер арасындағы бәсекеге қабілеттілік, оларды оқуға қабылдау барысында мұқият іріктеу және білім беру бағдарламаларының сапасы. Бұған Финляндияның тәжірибесі жақсы мысал бола алады, – деді ол.

Ол мектептегі білім сапасына қатысты да пікір білдірді.

– Ал біздің елімізде бұл мамандықты «әлсіз» түлектер таңдап, университетке түсіп, диплом алған соң, мектепке жұмысқа орналасқан жағдайлар да бар. Мұндай «маман» сабақ берген соң оқушылар да «әлсіз» болады, мектептегі білімнің сапасы да нашар болады. Одан кейін осы оқушылар ЖОО-ға түседі. Нәтижесінде экономикаға әлсіз мамандар келеді. Міне, осы мысал мәселенің маңыздылығын көрсетеді, – дейді министр.

Білім министрлігі ата-аналардың өтінішіне жауап берді
Алексей Цой пандемия туралы маңызды мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу