Білім министрлігі ата-аналардың өтінішіне жауап берді

Oinet.kz 09-09-2020 817

Оқушылар әлі мектепке оралмайды. Қашықтан оқыту жүйесінің көзін құртуды сұраған қазақстандық ата-аналардың үндеуіне білім министрлігі осылай деп жауап қатты.
image.png

Петиция осыдан үш күн бұрын ел президенті мен білім министрінің атына жолданды. Әзірге 11 мыңнан астам адам қол қойған. Онда авторлар балаларды мазақ қылмай, мектеп партасына жуық арада отырғызуды талап етіп отыр. 

- Біз, ата-ана ретінде оқушылардың Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабында көрсетілген орта білім алу құқығы толық көлемде  кәсіби мұғалімдердің тікелей қатысуымен барлық пән бойынша қамтамасыз етілуін талап етеміз. Мектептегі білім күндіз әрі оқу орнында болуы керек. Оның орнын цифрлық суррогат алмастырмауы керек. Цифрлық технологияларды тек қосымша әдіс ретінде, ережелермен бекітілген қатаң шектеулі көлемде және тек ерікті негізде пайдалануға болады. Оқушылардың ата-аналары қашықтан оқытуға мәжбүрлеу білімсіз ұрпақты тәрбиелейтінін атап көрсетеді. Себебі, сандық технология мұғаліммен жанды қарым-қатынасты алмастыра алмайды екен. 

Сондай-ақ, авторлар күндіз-түні смартфон, компьютерге телміру балалардың денсаулығына қатты зиянын тигізеді дейді. Ал білім министрлігі қашықтан оқытуға көшу «мәжбүрлі шара» деп сендіреді. Ата-аналардың өтінішімен қазір Қазақстандағы бастауыш сынып оқушылары мен 2 969 шағын жинақты мектеп қалыпты жағдайда оқып жатыр. Қалғандарының дәстүрлі форматта оқуы үшін денсаулық сақтау министрлігінің арнайы ресми шешімін күтуі керек. 

Гаухар Омарбек, ҚР білім және ғылым министрінің баспасаөз хатшысы: 

- Қазір бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының өтінішімен кезекші сыныптарда оқи алады. 3000-ға жуық 1-11 сынып оқушылары шағын жинақты мектептерде дәстүрлі форматта, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып,  оқып жатыр. Петицияға қатысты айтатын болсақ, біз бас санитар дәрігердің шешімінсіз, оқушылар дәл қазір мектепте барады деп айта алмаймыз.

Ақмола облысында жантүршігерлік оқиға орын алды
«Мектептегі білімнің сапасы нашар болады» - Аймағамбетов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу