Ғани Ташқараев өзін Мәжіліске ұсынды
Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев өзінің кандидатурасын Мәжіліске үміткер ретінде ұсынды. Осылайша мәслихат хатшысы «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысудағы басты мақсатының не екендігін білдірді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- «Nur Otan» партиясының сенімді берік мүшесі ретінде бұл саяси додада өзімді Парламент Мәжілісіне үміткерлікке ұсынып отырмын. Әрі бұл сайлауда жақсы нәтижеге жетемін деп сенемін, - деп жазды ол өзінің фейсбуктегі парақшасында.
Егер Ташқараев расында да Парламенттің төменгі палатасының депутаты болып кетсе, оның орны кімге бұйыруы мүмкін?