1 күнде 3 бала терезеден құлап кетті

Oinet.kz 03-09-2020 985

Өткен тәулікте еліміз бойынша балалардың терезеден құлауының 3 оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

a55740c8b8d2b6d18539f6aa1163a190.jpg

Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында Нәжімеденов көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйде бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала құлап кетті. Алған жарақаттары салдарынан ауруханада көз жұмды. Ақтауда бес қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2017 жылы туған бала бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Павлодар облысының Қалқаман ауылында төрт қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, - делінген комитеттің мәліметінде.

Көптеген жағдайда балалардың құлауы ата-ананың қараусыз қалдыруынан және жақын маңдағы ересектердің немқұрайлы қарау себебінен болады. Көбіне балалардың құлауы күндізгі уақытта болады.

Министр Аймағамбетов Түркістанға мін тақты
Тоқаев Назарбаевтың реформасын жоққа шығарды ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу