Тоқаев Назарбаевтың реформасын жоққа шығарды ма?

Oinet.kz 03-09-2020 722

Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктегі жауапты хатшы лауазымына қатысты тапсырма берді. 

image.png

- Осы институтты енгізер кезде жауапты хатшылар министрлерді әкімшілік-кадрлық жұмыстардан босатып, аппарат жұмысын қалыпты жүргізуге мүмкін береді деген болжам жасалған еді. Алайда мұндай өзгеріс болған жоқ. Қайта министр мен жауапты хатшының ортақ тіл табыса алмауы жиі кездесетін болды. Нәтижесінде ортақ мәселе зардап шегеді. Енді жауапкершілік тек президент тағайындаған министрден сұралады. Осыған байланысты жауапты хатишы интситтутын жойып, олардың міндетін министрліктегі аппарат басшыларына жүктелуі тиіс, - деген президент осыған қатысты заң нормаларына өзгеріс енгізуді тапсырды. 

Жауапыт хатшы лаузымы осыдан он жылдан астам уақыт бұрын енгізілген болатын. Жауапты хатшы министрлік жұмысының тұрақтылығы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге тиіс еді. Мұндай лауазым иесі дамыған мемлекеттерде де бар. Жауапты хатшы –  министрліктегі екінші тұлға болып табылады және Қазақстанда оны министрдің ұсынуымен президенттің тікелей өзі тағайындап келген еді.

Бір кездері Н.Назарбаев енгізген  жауапты хатшы институтын Қ.Тоқаев осылайша жоққа шығарды. 

1 күнде 3 бала терезеден құлап кетті
Қазақстанда зейнет жасын қысқарта ма? Еңбек министрлігі жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу