Тоқаевтың жолдауында ұйықтап қалған шенеунік шын мәнінде кім?
Көшербаев Қырымбек Елеуұлы 1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген. Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының әкімі (17.01.2013), инженер-құрылысшы, философия ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдар докторы.
Қырымбек Көшербаев Қазақстанның білім, денсаулық және спорт саласындағы министрліктерді, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарын басқарды. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде қызмет етті.
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев 1955 жылы 20 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында туған. Қырымбек дүниеге келген кезде әкесі Елеу Көшербаев Қырымда жүрген, сол себепті жаңа туған сәбидің есімін Қырымбек деп қойған. Қырымбек Көшербаевтың атасы Көшербай Дәрібаев Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері атағын алған, өңірдегі танымал азаматардың бірі болған. Әкесі Елеу Көшербаев Қызылорда облыстық, аудандық атқару комитеттерінде түрлі қызметтер атқарған. Анасы Мамбеталиева Дәнеш мектеп мұғалімі болған. Қырымбек Көшербаев Қазалы ауданында дүниеге келген, Сырдария ауданында өскен. Тереңөзек кентіндегі №35 Калинин атындағы қазақ орта мектебін бітірген (қазір И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей). Мектеп қабырғасынан боксқа қатысып, бірнеше жарыстардың жеңімпазы атанған. Руы: Кіші Жүз,Әлімұлы-Шекті--Жақайым-Көлімбет-Бөрі.
1978 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірді.
1991 жылы КОКП Орталық комитетінің жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының аспирантурасын бітірді. Философия ғылымдарының кандидаты (1991 жыл), Саясаттану ғылымдарының докторы (1997).
Докторлық диссертацияның тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы этносаяси процесті регламентациялау ерекшілігі» («Особенности регламентации этнополитического процесса в Республике Казахстан»).
Бокстан спорт шеберіне үміткер.
Қызметі:
1978 - 1979 жылдары Қызылорда қаласында қаласында «Главрисхозстрой» мекемесінде инженер, өндірісті дайындау тобының бастығы.
1979 - 1981 жылдары Бүкілодақтық екпінді комсомол құрылыс штабы Қызылорда облысы күріш инженерлік жүйесінің бастығы.
1981 - 1982 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық екпінді құрылыс ұйымдары секторының меңгерушісі.
1982- 1983 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің жауапты ұйымдастырушысы.
1983 - 1986 жылдары Қазақстан ЛКЖО Қызылорда қалалық комитетінің бірінші хатшысы.
1986 - 1987 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің комсомолдық ұйымдар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
1987 - 1988 жылдары Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті мәдениет бөлімінің меңгерушісі.
1988 - 1991 жылдары Мәскеу қаласында КОКП Орталық комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясының аспиранты.
1991 жылы Қазақ КСР Президенті Аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар Референтурасының референті.
1991 - 1994 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі.
1994 - 1995 жылдары Алматы қаласы Калинин аудандық әкімшілігінің басшысы.
1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппараты жетекшісінің орынбасары ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
1995 - 1996 жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты жетекшісінің орынбасары аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі.
1996 - 1997 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Баспасөз қызметінің жетекшісі.
1997 - 1999 жылдары Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрі.
1999 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім беру және спорт министрі.
1999 - 2000 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі.
Батыс Қазақстан облысы (2000-2003)
2000 - 2003 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі.[2]
Ресей Федерациясы (2003-2006)
2003 - 2006 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
Маңғыстау облысы (2006-2011)
2006 жылдан 2011 жылдың желтоқсанына дейін Маңғыстау облысының әкімі.
«Сіздер оны өте жақсы білесіздер. Ол бұған дейін министр де, көптеген жағдайлары Маңғыстау облысына ұқсас келетін Батыс Қазақстан облысының әкімі де болды. Қырымбек Көшербаев 2003 жылдан бері Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарып, дипломатиялық қызметте өзін білікті қайраткер ретінде көрсете білді. Қырымбек Көшербаевтың үлкен басшылық және дипломатиялық тәжірибесі әкімдік қызметінде де облысқа тиімді болатынына сенімдімін»
Нұрсұлтан Назарбаев, (2006 жылдың ақпан aйында Қырымбек Көшербаевты облыстың жаңа әкімі ретінде таныстыру кезінде.
2011 жылдың 22 желтоқсан күні Қырымбек Көшербаев Жаңаөзен оқиғасына байланысты Нұрсұлтан Назарбаевтан Маңғыстау облысынының әкімі қызметінен босатуын сұрады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ақтау қаласына барған сапары кезінде К.Е.Көшербаевтың отставкасын қабылдады және Жаңаөзен оқиғасына Қырымбек Көшербаев кінәлі емес деп мәлімдеді.
2012 жылдың 13 шілде күні Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі (2012)
2012 жылдың 26 қыркүйек күні Президент Жарлығымен Қырымбек Көшербаев Президент Кеңесшісі қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Қыркүйектің 27 күні ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов «Премьер-Министр мен оның орынбасарларының арасында міндеттерді бөлу туралы» № 185-р өкіміне қол қойды. Аталған құжат бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаевқа өңірлік саясаттың жедел мәселелері мен экономиканы жедел басқару және өңірлік саясат мәселелері бекітілді. Сондай-ақ, вице-премьер агроөнеркәсіптік кешен, жер және су қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану, құрылысты дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, көлік инфрақұрылымын және логистиканы дамыту және басқа да мәселелерге жетекшілік етеді.
Қызылорда облысы (2013 - 2020)
2013 жылдың 16 қаңтар күні Президент Н.Назарбаевтың өкімімен Қырымбек Көшербаев Премьер-Министрдің орынбасары қызметінен босатылды. 17 қаңтар күні Премьер-Министр Серік Ахметов Қырымбек Көшербаевты Қызылорда облысының әкімі ретінде таныстырды.
- «Бұған дейін жинаған тәжірибемнен білетінім - шешілмейтін мәселе болмайды. Ең бастысы ниет керек. Білек сыбана еңбек керек. Бұл орайда өзімді де, өзгені де аямаймын…».
Марапаттары:
2003 жылы «Парасат» орденімен
2006 жылы «Достық» орденімен (РФ)
1998 жылы «Астана» медалімен
2001 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл
2006 жылы Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл
2006 Св. князя Даниила Московского (РПЦ)
2008 жылы Астана 10 жыл (медаль) мерекелік медалі
2008 «За заслуги перед Астраханской областью»
2009 2 дәрежелі Барыс ордені
Запастағы Полковник әскери шені бар.
Отбасы:
Жұбайы - Матаева Гульнар Мустафақызы. Ұлдары: Оңталап (1983), Еркін (1988), қызы Салтанат (1986).