​Назарбаевтың күйеу баласы король отбасының үйін құлатты

Oinet.kz 02-09-2020 3323

Қазақстандық мұнай магнаты Тимур Құлыбаев Ұлыбританиядағы король отбасының үйін құлатып, жаңа зәулім үй салды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Ұлыбританиядағы король әулетінен шыққан Эндрю ханзада анасы сыйға тартқан Винздор сарайының маңындағы 12 жатын бөлмесі бар үй мен Саннингхилл саябағын сатып жібергені ақшаның адам өміріне қалай әсер ететінін байқатқан шулы оқиға болған еді.

Бұл алып сарайды қазақстандық олигарх Тимур Құлыбаев үстіне 3 миллион фунт стерлинг қосып сатып алған. Дегенмен бес жыл бойы сатылымда тұрып, ешкім алмаған үйді қазақстандық қалталының негізгі бағасы 12 миллион фунт стерлингке тағы да үстемақы төлеп сатып алғаны дау тудырып, күмән келтірерлік жағдайға айналды. 

Үнемі сату кезінде ешқандай заң бұзушылық жасамағынан алдыға тартып жүрген Эндрю ханзада Құлыбаевпен келісім шартқа отырғанын және олигархтың қайын атасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жақын дос болғанын айтып берді. 

Оңтүстік Йорк деген атауға ие болған зәулім үй Дж. Р. Юинганың Далластағы үйіне қатты ұқсағандықтан, жеті жылға жуық уақыт бойы бос тұрған. Ақырында үйді кейінгі иесі жығып тастады. Алайда, қазіргі таңда жаңа зәулім үйдің құрылысы бітуге жақын қалған. 

Үйді салу үшін үш жылға жуық уақыт жұмсалған. Қазіргі таңда зәулім үйдің жуынатын жері бар алты жатын бөлмесі, монша, мұз бөлмесі, булану бөлмесі, жаттығу және ойын бөлмесі, екпе егу бөлмесі бар. 

Ал үйдің жоғарғы жағы балаларға арналған. Ол жерде екі жатын бөлме мен жуынатын бөлме және киім қоятын бөлме, сонымен қатар күтушінің бөлмесі қарастырылған. Баспалдаққа қарама-қарсы балконы, киім қоятын орны мен қонақ бөлмесі бар екі негізгі жатын бөлме орналасқан.

Ал үйдің сыртқы бөлігінде екі деңгейлі 200 футтық терраса салынып жатыр. Бұл террасаға арнайы бақ салынып, көркем өнерге арналған орынға айналмақ. Сонымен қатар, сыртта 200 футтық жерде батут, субұрқағы бар балалар бақшасы салынып, бұл тізбек теннис кортымен жалғасқан. 

Қазіргі таңда ағаштар, гүлдер шөрптер егіліп, соңғы жұмыстар жасалып жатыр. Сонымен қатар кіреберістегі субұрқақтың құрлысы мәресіне жетейін деп қалған. 

Бұл зәулім үйдің иесі мұнай-газ магнаты Құлыбаев екені расталды. Алайда, құжат бойынша үй Люксембургтегі салықтық компанияның атына тіркелгені анықталды. Құлыбаевтың бұл жерге көшіп келетіні туралы әлі нақты ақпарат жоқ. 

Тоқаев жолдауы кезінде шенеунік қалың ұйқыға кетті (видео)
Тоқаевтың жолдауында ұйықтап қалған шенеунік шын мәнінде кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу