Сұлтанханов сынға ілікті
03-05-2023
Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова журналистермен кездесу өткізіп, сауалдарға жауап берді. Бұл туралы 31-арна хабарлады.
Облыс әкімі оқу жылына дайындық, денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар, қызылордалықтарды алаңдатқан Сырдария өзенінің тартылуы сынды мәселелерге жауап берді.
Сондай-ақ, әкім кездесуде коронавирустың күздегі толқыны, аймақтың индустриялы дамуы, экономиканы тұрақтандыру жолдары туралы атап өтті.
Әкімнің айтуынша, биылғы оқу жылындағы өзгерістер бірқатар мәселелердің тууына алып келген.
– Көптеген компьютерлер мен құралдар тозған. Мектептер 30 пайызға дейін қамтамасыз етілмеген. Бюджеттен бөлінген 176,7 млн теңге қаржыдан 2 635 планшет алынды, – деді әкім.
Ол оқушылардың білімі басты назарда екенін баса айтты.