Асылбек Досалы Президент Жарлығымен бекітілген медальмен марапатталды

Oinet.kz 28-08-2020 1267

25 азаматқа 25 жылдық медаль. Конституцияның 25 жылдығы қарсаңында  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов түрлі салада еңбек етіп, Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген 25 азаматқа Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль табыстады.

Screenshot_2.jpg

Салтанатты шараны ашқан қала басшысы М.Әйтенов қатысушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдық мерейтойымен құттықтап, бұл мерекенің мемлекет пен қоғамның дамуындағы және әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлін атап өтті.

«Осыдан 25 жыл бұрын бірауыздан дауыс беріп, қабылданған Атазаңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалар мен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығы мен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Мемлекетке қажетті заңдар дер кезінде қабылданып, соның арқасында әлеуметтік-экономикалық және саяси жетілуге жол ашылды. Бүгінде еліміздің әлемдік қауымдастықта жоғарғы деңгейге көтерілгенін мақтанышпен айтамыз»,-деді қала әкімі.

Президент Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған азаматтардың арасында әріптесіміз, «Рейтинг» газеті бас редакторының орынбасары, Rgmedia.kz сайтының бас редакторы Асылбек Досалы да бар. Қарымды қаламгер, осы салада жиырма жылдан баста уақыт тер төгіп келе жатқан, талай биік белестерді бағындырған әріптесімізді мерекелік медальмен құттықтап, шығармашылық шабыт, қызметіне табыс тілейміз!   

Screenshot_3.jpg

Айта кетейік, Әйтеновтың қолынан мерекелік медаль алғандардың қатарында  Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Рахманбердиев, Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы - И.Рысбай, Шымкент қалалық өзбек драма театрының директоры – И.Хашимжанов, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары - Б.Нарымбетов, қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы - Қ.Құнанбаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры - Д.Қожамжарова және тағы басқалар бар.

Сайрагүл Сауытбайдың кітабындағы жан түршіктірер жайттар (фото)
Гүлшара Әбдіқалықова халықтың талабын орындады ма? (мәлімдеме)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу