Қыз зорлаған банкир мен экс-прокурор сот алдында жауап берді
2019 жылдың қараша айында Алматыда экс-прокурор мен банктің белді қызметкері «қыз зорлады» деп айыпталған. Енді олар сот алдында жауап бере бастаған, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Stan.kz ақпарат агентігіне сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, ішімдікке сылқия тойған банкир экс-прокурор досымен бірге өзінің жүріп жүрген қызын асқан қатыгездікпен зорлаған. Пәтерде негізі 5 жігіт болыпты. Дегенмен тек біреуі қамауға алынған. Ал экс-прокурор 84 миллион теңге тұратын зәулім үйін кепілдікке қойып, бостандықта жүр.
Жәбірленушінің айтуынша, 38 және 40 жастағы күдіктілердің көрсетпегені жоқ. Түні бойы топтасып зорлап, одан қалды, соққыға жыққан. Тек таң атып, екеуі ұйқыға кеткенде ғана қыз пәтерден қашып шыққан.
"Шұлығымды мойныма байлап, «үніңді өшір» деді. Екеуі түні бойы тоқтаусыз зорлады. «Тоқтатыңдар» деп жалындым, жыладым. Сөзіме ешкім құлақ аспады. Ұрып-соғып, көрсетпегенді көрсетті. Шашым жұлынды, денемнің сау жері қалмады. Шаруам бітті, өлдім деп ойладым", - дейді жәбірленуші.
Оқиға Алматының ең элиталы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Банктің белді қызметкері өзінің жүріп жүрген қызын қонаққа шақырады. Пәтерде бұлардан басқа тағы бір жұп болған. Бірақ олар көп ұзамай үйіне қайтып кеткен. Солардың артынша пәтерге үш жігіт кіріп келген.
"Жәбірленуші үйіне кетпек болғанда, экс-прокурор есікті құлыптап, қызға тиісе бастапты. Содан банкирдің де ойы бұзылып, екеуі қызды төсекке сүйреді" - дейді жәбірленушінің адвокаты. Ал қалған үшеуі болса, әрі қарай ішімдік ішіп отыра берген көрінеді. Қыздың «құтқарыңдар» деген айқайын таңға дейін естіген үшеу қазір сотта куәгер.
Оқиға Алматының ең элиталы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Банктің белді қызметкері өзінің жүріп жүрген қызын қонаққа шақырады. Пәтерде бұлардан басқа тағы бір жұп болған. Бірақ олар көп ұзамай үйіне қайтып кеткен. Солардың артынша пәтерге үш жігіт кіріп келген.
"Жәбірленуші үйіне кетпек болғанда, экс-прокурор есікті құлыптап, қызға тиісе бастапты. Содан банкирдің де ойы бұзылып, екеуі қызды төсекке сүйреді" - дейді жәбірленушінің адвокаты. Ал қалған үшеуі болса, әрі қарай ішімдік ішіп отыра берген көрінеді. Қыздың «құтқарыңдар» деген айқайын таңға дейін естіген үшеу қазір сотта куәгер болып отыр.
"Күдіктілер «арызыңды ал» деп, талай мәрте қоқан-лоққы көрсеткен. Жәбірленушінің үйіне түнде барып, туыстарын қорқытып, болмаған соң, ақша да ұсынды. Енді кәмелетке толмаған балаларының барын айтып, соттан жеңілдік сұрап отыр. Бірақ біз олардың жазаға тартылуын талап етеміз", - деді адвокат Жанна Оразбақова.
Мәліметтерге қарағанда, істі боп жатқан экс-прокурор екі бірдей аудандық прокурордың көмекшісі қызметін атқарған. Алматы қалалық прокуратурасында да істеген.
Тергеу басталғанда қамауға алынғанымен, көп ұзамай 84 миллион теңге тұратын коттеджін кепілдікке қойып, бостандыққа шығып кеткен. Қазір қамауда тек банкир ғана отыр. Ал сотта банкир мен экс-прокурордың құқығын бес бірдей адвокат қорғап жатыр.
Бүгін басталған сот процесінде олар тергеуге көңілі толмайтынын айтып, істі қайта қарауды сұрады. Алайда сот өтініштерін кері қайтарыпты. Процес күдіктілердің талабы бойынша жабық есік жағдайында өтуде.