Асхат Аймағамбетов педагогтар үшін маңызды жаңалықпен бөлісті

Oinet.kz 28-08-2020 2905

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтардың кезекші сыныптардағы жұмысы үшін қосымша жалақы алатынын мәлімдеді.

image.png

– Бүгінгі жағдайда кезекші сыныпта оқыту барысында сыныпты 15 баладан екі шағын топқа бөлуге міндетті. Соған орай педагогқа жүктеме де артады. Дегенмен, педагог қосымша жұмысы үшін қосымша ақы да алады. Яғни, егер қазіргі уақытта онда 28 сағат болса, педагог барлық 28 сағат үшін жалақы алады. Бұл біздің әріптестеріміз үшін өте маңызды, – дейді Аймағамбетов.

Министр 1 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан қалай оқитынын айтты.

Сондай-ақ ол қашықтан оқыту бойынша екі негізгі бағытты атап өтті.

Арнайы интернет-платформалар арқылы оқыту. Платформалардың ыңғайына байланысты мектептер, қалалық, аудандық мектептер білім бөлімдері шешім қабылдады.

"Ел Арна" және "Балапан" телеарналары арқылы берілетін телесабақтар, қазір 9 сағатқа дейін эфир беріліп отыр.

Оның айтуынша, сабақ ұзақтығы – 40 минут. Балалар бір кабинетте оқытылады. Сыныптарда дезинфекциялық шаралар жүргізілетін болады

Елбасы Тоқаевпен кездесті
​Қыз зорлаған банкир мен экс-прокурор сот алдында жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу