Беларусь президенті Лукашенко шын мәнінде кім?

Oinet.kz 21-08-2020 1968

Соңғы уақытта әлем назарына ерекше ілігіп, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жүрген Лукашенко туралы не белгілі? Беларусь халқының сеңдей көтерілуіне себепкер болған Александр Лукашенко шын мәнінде кім деген  сауалға жауап іздеп көрдік!

image.png

Лукашенко Александр Григорьевич 1954 жылы 30 тамызда Белоруссия мемлекетінің Могилев облысы Шклов ауданында дүниеге келді. Қазіргі таңда, Беларусь республикасының президенті. Ол бұл маңызды қызметке 1994 жылдан бастап кіріскен. 

Білімі:

1975 жылы Могилев қаласындағы педогогикалық институтты бітірген. Ал, 1985 жылы Беларусь ауыл шаруашылығы академиясын тәмамдайды. 

Қызметі:

1978 — 90 ж. аудан “Білім” қоғамының жауапты хатшысы, “Ударник” ұжымшар басқармасы төрағасының орынбасары, құрылыс комбинат директорының орынбасары, Ленин атындағы ұжымшарда партия ұйымының хатшысы, “Городец” кеңшарының директоры қызметтерін атқарды;

1990 ж. БКСР Жоғары Кеңесінің депутаттығына сайланып, жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күрес комиссиясын басқарды (1993 — 94);

1994 ж. 10 шілдеде Беларусь Республикасының президенті болып сайланды. Ол ТМД елдері басшыларының ішіндегі Кеңестік жүйені сақтап қалуға тырысушы ретінде көзге түсіп отыр. Лукашенко ішкі, сыртқы саясатта елдің тұрақтылығын сақтауға, экономиканы дамытуға үлес қосты. Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстанмен Кедендік Одақ келісіміне қол қою арқылы ТМД елдерімен ынтымақтастық, әріптестік қатынастарды кеңейтуге, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысты. Лукашенко Беларусь пен Қазақстан арасындағы интеграция қатынастардың дами түсуін қолдады. 1997 және 1999 ж. ресми сапармен Қазақстанда болды. Екінші сапары кезінде 1999 — 2008 жылдарды қамтитын экономикалық қатынастар жөніндегі келісімдерге қол қойылды.

Отбасы: 

Әйелі Галина Родионовна (1955 жыл 1 қаңтар) екеуі 1975 жылы отбасын құрған.

image.png

Олар өздерінің махаббат дастандарын былайша суреттейді: екеуі Днепр өзенінің жағасында серуендеп жүргенде жас Александар жары Галинаға сөз салып, арада көп уақыт өтпей екеуі үйленеді. Ерлі-зайыптылар Могилев педагогикалық университетінің тарих факультетін бірге оқып, тәмамдаған. Екеуінің Виктора (1975), Дмитрия (1980) есімді ұлдары бар. Отбасын құрғаннан кейін Галина Рыжковичидегі балабақшада жұмыс істейді. Лукашенко ұзақ жылдар бойы жарынан бөлек тұрады, осылайша екеуінің арасындағы сезім суына бастайды. Тіпті, Александр Беларусь президенті болып сайланғанда да жары онымен бірге Минскіге еріп келмеді. Осылайша Лукашенко екінші жары Ирина Абельскаяға үйленеді.  Николай (2004) есімді ұлдары бар. Ирина Абельская (1965 жыл) Лукашенконың жеке дәрігері, әрі беларуссияға танымал педиатр және эндокринолог.  

image.png

- "Түсінесіздер деп ойлаймын, мен де адаммын. Менің балаларым бар, әсіресе Николенька есімді ұлымды ерекше жақсы көреміін. Бүгін ол 5 жасқа толды, ал маған 55 жас. Біз онымен бір күнде туылғанбыз. 31 тамыз күні" - дейді Александр Лукашенко.

Қызығушылықтары: 

Хоккей - Лукашенконың негізгі әуесқой ойын түрлерінің бірі. Ол бос уақытында спорт сарайында жаттыққанды ұнатады. 

image.png

Пандемияға байланысты қазақстандық мектептерде жаңа ережелер енгізілді
Ақтөбеде бір жасар сәби көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу