Пандемияға байланысты қазақстандық мектептерде жаңа ережелер енгізілді

Oinet.kz 21-08-2020 1060

Пандемияға байланысты қазақстандық оқушыларды мектепте көптеген өзгерістер күтіп тұр. Денсаулық сақтау министрлігі карантин кезеңіне арналған білім беру ұйымдарына қойылатын талаптардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап. 

image.png

Егер сыныпта коронавирус инфекциясы анықталса, бүкіл сынып карантинге жіберіледі, бірақ оқу орнының өзі жұмысын жалғастырады. Денсаулық сақтау министрлігі, сонымен қатар, вирустың мектеп қабырғаларында таралуын болдырмау мақсатында енгізілген тыйымдардың тізімін жариялады. 

Сонымен, қазір мектеп оқушылары кабинеттен кабинетке ауыспайды, бұрынғыдай әр оқушының бекітілген өз орны болады. Қос оқушылар бір партада отыра алмайды. Олар бірінен соң бірі отырады, ал санитарлар дәрігерлері ұсынысы бойынша, парталар 1-1,5 метр қашықтықта болады. Жаңашылдықтар үзіліске де қатысты болмақ. Енді әр сынып үзіліске әртүрлі уақытта шығады. Бұл оқушылар арасындағы байланысты азайтады. Оқушылар мен мұғалімдер мектепке кірер алдында тепловизормен немесе байланыссыз термометрлермен тексеріледі. Пандемия аяқталғанға дейін барлық мәдени және спорттық іс-шараларға тыйым салынады. Асхана да жұмыс істемейді.

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 26 адам қайтыс болды
Беларусь президенті Лукашенко шын мәнінде кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу