Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 26 адам қайтыс болды

Oinet.kz 21-08-2020 1572

Өткен тәулікте корнавирустан 20 адам, пневмониядан 6 адам қайтыс болды, деп хабарлады Oinet.kz сайты Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

коронавирус, аурухана

Бір тәулікте коронавирус жұқтырған 256 адам және пневмонияға шалдыққан 723 адам анықталды.

Барлығы 13 мамырдан бері Қазақстанда 104 071 адам коронавирус жұқтырды, 1 481 адам дерттен қайтыс болды.

1 тамыздан бері пневмониямен сырқаттанған 21 264 адам тіркелді, 243 науқас көз жұмды.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 670 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 62  бала бар. Ауруханаларда  6 339 науқас жатыр. 8 331 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

"Жалпы науқастардың арасында 355 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 78 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 49 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды", - деп хабарлады министрлік.

Өткен тәулікте 1470 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан, дерттен жазылғандардың жалпы саны 87 920 адам болды.

​Өткен тәулікте елімізде 256 адам коронавирус жұқтырған
Пандемияға байланысты қазақстандық мектептерде жаңа ережелер енгізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу