Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов бүгінгі жол көлік оқиғасынан қайтыс болғандар отбасына және зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
"Қайтыс болған жандардың туған-туыстарына әкімдік атынан және өз атымнан қайғыра көңіл айтамын. Бүгінгі ЖКО-сы салдарынан екі адам қайтыс болып, 36 адам түрлі жарақат алған. Қазір олар медициналық көмек алуда", - деді Бақыт Сұлтанов әкімдікте өткен жиналыста.
Осы орайда әкім бүгінгі жол көлік оқиғасынан қайтыс болғандардың отбасына, зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді және ЖКО-ның себебін анықтауды тапсырды.
Сонымен қатар, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Қамалжан Надыровтың айтуынша, оқиға орнында жедел жәрдемнің 19 бригадасы жұмыс жасауда. Барлығы 36 адам зардап шеккен, екі адам қайтыс болып, 26 адам ауруханаға жатқызылған. Қазір үш адамға операция жасалуда, тағы төрт адам дайындалуда. Олардың қатарында 1983 жылы туған Филипин елінің азаматы бар, оның жағдайы ауыр. Алдын ала диагнозы: "Кеуде қуысы жарақаттанған және жамбасы сынған". Зардап шегушілермен психологтар жұмыс істеуде", – деді Қ. Надыров.
ЖКО-на жедел жәрдем көлігі де түскен. Оның ішінде екі фельдшер мен жүргізуші болған. Жүргізуші дін аман. Ал бір фельдшер жабық бас сүйек-ми жарақатымен бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген.
Осыған дейін хабарланғанымыздай, бүгін Ұлы дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобус және жеңіл көліктердің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алған. Қала маңына қатынайтын № 303 маршрут автобусы № 12 бағдар автобусымен соқтығысқан болатын.