Мәслихат депутатының 17 жастағы ұлы қамауға алынды

Oinet.kz 07-08-2020 1292

Оралда Батыс Қазақстан облысы мәслихат депутатының кәмелетке толмаған ұлы ұсталды. Әкесі баласының қолға түскені туралы ақпаратты растап, оның не үшін күдікке ілінгенін айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz.   

image.png

Uralskweek.kz басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, полиция 17 жастағы жасөспірімді Екатерина Ананеваны абайсызда өлтірді деген күдікпен 5 тамызда ұстаған. Қазір бұлтартпау шарасына қатысты мәселе шешіліп жатыр. Тергеу мәліметтерінде мәслихат депутатының ұлы қайғылы оқиғаға қатысы бар катерді басқарғаны айтылған. Ал күдіктінің ата — анасы балаларын кінәсіз деп отыр. 

- "Менің ұлым бұл қайғылы оқиғаға қатысы жоқ екеніне сенімдімін. Егер менің ұлымның осы әйелдің өліміне шынымен қатысы болса, онда біз әйеліммен екеуміз, марқұмның туыстарымен бұрыннан кездесіп, олардан кешірім сұрайтын едік. Қазір полиция менің қайығымды және басқа адамдарға тиесілі тағы алты осындай кемені тәркіледі. Менің ұлымнан басқа полиция күдікті ретінде тағы 10 адамды жауап алуға шақырды. Менің ойымша, нақты кінәлінің атын атайтын тергеудің аяқталуын күту керек", — деді әкесі Валерий Крылов. 

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Қытайда тағы да қауіпті ауру тарап жатыр
Роза Әлқожа көпшілікке ойсаларлық, жүрекжарды жазбасын арнады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу