Болат Назарбаев: «Ылғи жалғыз жүрем. Ресторанға да, тойға да жалғыз барам»
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев AINA TV Youtube арнасының журналисті Гүлмира Нәлібайға берген сұхбатында өмірі туралы сыр шертеді. Сұхбат барысында журналист:
"Сізге біреу қиянат жасауы мүмкін. Өлім тілеуі мүмкін. Мысалы ел арасында естіп жатамыз сізге қару-жарақ кезеніпті деп" - деп сұрақ қойды.
Бұл сұраққа Болат Назарбаев:
"Жоқ. Маған ондай қару-жарақ кезенген емес. Білмеймін өзім ылғида жалғыз жүрем. Түнде де, күндіз де. Біреу келіп тиіскен емес. Егер біреудің жолын кескен болсам жалғыз жүрмейтін едім ғой. Мен ылғи жалғыз жүрем. Ресторанға да жалғыз барам, тойға да жалғыз барам", – деп жауап берді.