Ел президенті коронавирус жұқтырды
Беларусь президенті Александр Лукашенко COVID-19 коронавирусын жұқтырғанын мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz сайты.
Дәрігерлердің мәліметінше, президент коронавирустың симптомсыз тасымалдаушысы болған.
"Ең таңқаларлығы, бүгінде сіздер коронавирусты аяқта тік тұрып жеңіп шыққан адаммен кездесіп тұрсыздар. Кеше дәрігерлер осындай қорытынды жасады. Симптомсыз", - деді Александр Лукашенко.
Лукашенко "бұл инфекцияны" халықтың 97%-ы симптомсыз өткеретінін атап өтті.
"Құдайға шүкір, мен осы симптомсыз түрін жұқтырғандар санатында болдым", - деді ол.
Ол "бұл вирусты жеңу арқылы елдің алтын қорына кіргенін" айтты.
28 шілдедегі жағдай бойынша, пандемия басталғалы бері республикада коронавирус жұқтырған 67 366 адаам тіркелді, 543 науқас қаза болды. Бұл ретте, 2 шілде күні Лукашенко ел коронавирусты жеңгенін мәлімдеді