Алматыдағы аурухана дәретханасының суреті желіде қызу пікірталас туғызды (фото)

Oinet.kz 29-07-2020 1032

Қазақстандықтар ауруханалардағы дәретханалардың жағдайына шағымдануда. Олардың айтуынша, дәретханалардың көбі талаптарға сай келмейді және ондағы санитариялық жағдай өте нашар, деп жазады KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты.

Screenshot_1.jpg

Қазнетте Алматыдағы теміржол ауруханасында түсірілген дәретхананың суреті тарап үлгерді. Суретті танымал қазақстандық заңгер Жангелді Сүлейменов Facebook-тегі парақшасында жариялады. Әлеуметтік желіде жарияланған суреттегі дәретхананың көрінісі адам шошырлық. Заңгердің сөзінше, мемлекет коронавируспен күресуге 114 миллиардтан астам теңге бөлген, бірақ денсаулық сақтау министрлігінің бұл қаражатты игеруінен халық нәтиже көрмей отыр. 

"Миллиардтар барлығы ойдағыдай жұмсалған, бірақ теміржол ауруханасының дәл осы дәретханасын ретке келтіруге он мың теңге жетпей қалыпты", – дейді ол. 

Сүлейманов мұндай дәретханаға кіру өзіңді қорлау екеніне сенімді. Ол Денсаулық сақтау министрлігіне шағым түсіретінін және мекемелерді тиісті күйге келтірілуін талап ететінін мәлімдейді.

"Ережеге сәйкес, есіктері бар кабиналар болуы керек... Мұндай дәретханадан кейін карантинді бұзғанымыз үшін бізге қалай ғана айыппұл салуға болады?" , – дейді Сүлейменов. 

 Заңгердің арыз-шағымына Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі жауап берген. Әкімдіктің мәліметінше, аталмыш аурухана 15 маусымнан бастап инфекциялық стационар ретінде қызмет көрсете бастаған. Аурухана қала билігінің бақылауында емес көрінеді. Сүлеймановтың талаптары Алматы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілген. Олар бұл мәселені бақылауына алған.

​Ел президенті коронавирус жұқтырды
Павлодарда екі бала әткеншекпен қоса ұшып кетті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу