Әзілкеш Аманғали Сыпабековтің отбасында ауыр қайғы орын алды
Әзілкеш Аманғали Сыпабековтің отбасында ауыр қайғы орын алды. Аманғалидің ағасы өмірден озды. Қаралы хабарды әзілкештің өзі хабарлады.
"Ее Аллахым рахымыңа алшы көкемді... Менің халыққа танылуыма үлкен себепші жан еді, елдің алдына үстол қойып, "сен өнер адамысың, тік тұрда ән айт "деуші еді марқұм. Өткір еді, тұлға еді, адамға руһ беріп жүруші еді жарықтық.
Қандай қазақ болуында емес, қандай ғажап болуыңда" деуші еді ұраны. Ауырмаңыздаршы, жүрек жақындарыңыз аман болсыншы әмин! Алиев. Сембек. Сыпабекұлы қайтты", деп жазды әзілкеш.