Түркістанда 1 жасар қыз ыстық тосап құйлған ыдысқа құлады
Түркістан облысында бір жасар қыз ыстық тосап тұрған ыдысқа құлап қалды. Құтқарушылар бұл оқиғаға ересектердің баланы қараусыз қалдыруы себеп болғанын атап өтті деп хабарлайды Oinet.kz Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бір жасар сәби ыстық тосап құйылған ыдысқа құлаған. Бұл Төлеби ауданындағы үйлердің бірінде болған. Осы сәтте қыз біраз уақыт туыстарының қарауынсыз қалған. Жәбірленуші күйік алып, жедел ауруханасына жеткізілді. Өткен тәулікте тағы үш қайғылы жағдай орын алды.
Алматыда 2 жасар бала көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетіп, қайтыс болса, Қызылорда облысында 7 жасар қыз және Қостанай облысында 4 жасар бала терезеден құлағаннан кейін медициналық мекемелерге жатқызылды.
Құтқарушылар жоғарыда атап өтілген барлық жағдайларда балалар ересектердің бақылауынсыз қалғанын айтады. Олар ата-аналарды бүлдіршіндерді үнемі қадағалап отыруға, терезелерін ашық қалдырмауға және сәбилер жиі сүйенетін москит торларына сенбеуге шақырады.
Балалардың терезе ашуына жол бермейтін қауіпсіздік құлыптарын орнатқан дұрыс.