Тоқаев өз кеңесшісін қызметтен босатты
Олжас Құдайбергенов ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
«Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтты», - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook -тегі парақшасында.
Естеріңізде болса, Олжас Құдайбергенов министрлік жіберген қателіктерді әшкере еткен болатын.