Тоқаевтың кеңесшісі министрлік жіберген қателіктерді әшкере етті

Oinet.kz 17-07-2020 2348

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов Қазақстандағы коронавирус статистикасына көзқарасты қайта қарау қажет деп санайды. Бұл туралы Oinet.kz порталы Құдайбергеновтің Facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

image.png

"Коронавирус статистикасы денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы жіберген ақпараттық сәтсіздіктердің біріне айналды. Осыған байланысты халықтың коронавирустық бастамаларға деген сенімі төмендеді. Ал Қытайдың Қазақстандағы елшісінің ұсынған ақпараты бойынша біздің ел түсініксіз вирустың ошағы ретінде әлемдік БАҚ-тың басты тақырыбына айналды", – деді ол. 

Олжас Құдайбергеновтың сөзінше, коронавирус жұқтырғандарды симптоматикалық және асимптоматикалық деп бөлу қателік болған. 

"Наурыз айында алғашқы тест сынақтары басталды, бастапқыда оны өткізу аз болды. Сәуір айының ортасына таман күніне 20 мыңға жеткіздік. Ал мамырдың бас жағында бұл көрсеткіш тәулігіне жобамен 30 мыңға жетті. 

Сонымен қатар, мамырда симптоматикалық емделушілерді бөлек жеке бағанмен есептей бастады және бұл сөзсіз қателік болатын. Осылайша, біздің есеп әлемдік статистикаға мүлдем кереғар болды. Яғни, науқастардың жалпы санымен қатар, ауыр пациенттердің санына есеп жүргізілмеді. Бұл тәсіл бізде әлі де жоқ",– деді Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі. 

Ол ПТР-тесттен өтпегендерді медициналық мекемеге қабылдамағаннан кейін, пациенттердің жағдайы нашарлай түскенін айтты. Соның нәтижесінде, маусымның ортасында өкпе зақымдануының пайыздық мөлшерін көрсететін КТ тексерісі болса, науқастарды қабылдау керек деп шешім шығарды. 

"Сол-ақ екен КТ-да кезек пайда болды. Дегенмен, екеуінің бірінен өту мүмкіндігі әлдеқайда жоғары болды әрі КТ-да пневмонияны дәл көрсетті. Ал ПТР-тесттің жалған көрсеткіштеріне күмән әлдеқайда көп болды", – деп сөзін жалғастырды Олжас Құдайбергенов. 

ПТР-тесттің теріс болу себебінің мүмкіндіктері: 

тесттің өзі сезімтал емес немесе қателігі болса; 

жұғындысы дұрыс қабылданбаған болса; 

талдау барысында қате манипуляциялар болса. 

"Адамнан кеткен қателіктердің себебін тестілеу орталықтарындағы қызметкерлердің алғашқы құрамының ауырып қалуымен, олардың орнына жаңа қызметкерлердің келуімен байланысты деп түсіндірілді. 

Себебі, кез келген жағдайда олардың құзыреті төмен болғандықтан, қайта оқытылуы қажет. Алматы мен елордаға қарағанда бұл жағдай тіптен төмен. Тестілеумен қамтуды кеңейту мақсатында орталықтарды көп елді мекендерге орналастыру сөзсіз теріс сынақтардың санын көбейте түсті", – деді ол. 

Тоқавтың кеңесшісі пневмонияның пайда болуын, коронавируспен ешқандай байланысы жоқ деп түсіндірді. 

"Адамдар пневмониядан қайтыс болғанда, марқұмның тест сынағының оң-теріс қорытындысы болды. Одан бөлек, мүлде тесттен өтіп үлгермегендердің де денесі туыстарына берілді. Содан кейін жаназа, жерлеу рәсімдері мен еске алу шаралы өтіп жатты. Бұл коронавирус індетінің тез және кең таралуына жағдай жасады. 

Тіпті, марқұмды соңғы сапарға шығарып салуды ешбір шектеу, кедергісіз, қалыпты жағдайда өткізу үшін дәрігерлермен келісіп, өлім себебін инсульт, инфаркт, тромбоз, жедел жүрек жеткіліксіздігі деп көрсеткен жағдайлар да жоқ емес. Мәйітті мәйітханадан бірден зиратқа апарып жерлеген сәттер болғанымен де, аурудың жұғуы тыйылмады. Бірақ статистика бұрмаланды",–  деді Құдайбергенов. 

Оның пікірінше, пневмониядан көз жұмғандардың коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасына қосу керек. 

"Шын мәнінде, пациенттердің коронавирустан емдеген ауруханаларда пневмониядан немесе басқа аурулардан қайтыс болған адамдарды коронавирустан көз жұмғандармен теңестіру керек. Бұл жерлерде адамдардың инфекцияны жұқтырмауы екіталай. Содан соң олардың жалпы санын ПТР сынағымен немесе басқа да белгілер түрінде расталғандарға бөлуге болады. Бұл тәсіл өлім-жітімді 10 есеге дейін арттырады деп ойлаймын",– деді мемлекет басшысының кеңесшісі. 

Құдайбергенов статистиканы түзету кезінде өлім мен пациенттер санының тағы да бір күнде күрт өсіп әлемдік БАҚ назарына ілінбеу үшін Worldometer.info-ға хабарласу керек деп отыр. Себебі, соңғы реттегі күрт өсу асимптоматикалық емделушілердің болмауына байланысты болған. Олардың саны бір күнде енгізіліп, инфекция бойынша ел бірден бірінші орынға көтерілді. 

Сонымен қатар Тоқаевтың кеңесшісінің сөзінше, науқастарды емдеуге қатысқан, тест тапсырмаса да пневмониядан қайтыс болған дәрігерлердің әрқайсысына 10 миллион теңгеден төлеу керек. 

Коронавирусты емдеуге қатысып, коронавируспен немесе пневмониямен ауырған барлық дәрігерлер 2 миллион теңгеден алуға лайықты, дейді ол. 

«Басшылық арыз жаз деді» - министрдің ресми өкілі қызметінен кетті
Аида Балаева: «Жұмысымыз орыс тілінде жүргізілгеннен кейін халық түсінбей отыр»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу