Түркістан өңірінің 68 білім беру ұйымы "саналы ұрпақ" жобасы бойынша есеп берді

Oinet.kz 08-06-2020 1221

d21dd49f-d2e7-4e41-8077-04d23ddcb501.jpg

Бүгінгі күні Түркістан облысының барлық кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарында «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі  білім беру жүйесінде туындайтын сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен академиялық адалдықты қалыптастыру жолында жүйелі түрде жұмыс жасап келеді.

Осыған орай, Түркістан облысына қарасты 2 жоғары оқу орны мен 66 колледж аталмыш жобалық кеңсемен атқарылған жартыжылдық жұмыстар  бойынша  қорытынды есеп берді.

Жыл басынан бері "Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесі - жастар қауымын  рухани-адамгершілік тәрбиемен азықтандыруға және  азаматтық-патриоттық белсенділікті арттыруға  бағытталған шараларды киелі өңірде жиі іске асырып,  жастар арасында жемқорлыққа қарсы төзбеушілік мәдениетін  қалыптастыруда бірқатар бастамаларды жүзеге асырды. 

Жалпы саны  20 мыңға жуық студент жастар жобаға мүшелік ету барысында қоғам індетінің алдын алуға бағытталған іс-шараларға белсене қатысып,  ашықтыққа негізделген адал қоғамды құруға ниетті екендіктерін білдіріп келеді.

«Мың жылдығын ойлаған халық – саналы ұрпақ тәрбиелейді» деген тәмсілді сөзді азық еткен өңір жастары, әрі қарай да "Саналы ұрпақ" жобасы аясында белсенді жұмыс жүргізетін болады.

Атырау облысында ер адам көршісінің итін аяусыз ұрып соққан
«Дәлелдеу үшін өлуім керек пе»: Берік Уәлидің жан айқайы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу