«Дәлелдеу үшін өлуім керек пе»: Берік Уәлидің жан айқайы

Oinet.kz 09-06-2020 9379

Осыдан бірнеше күн бұрын коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген Берік Уәлидің жағдайына қатысты тың дерек шықты. Бүгінде оның жағдайы бірқалыпты, дене қызуы түскен екен. Өкініштісі, президент баспасөз хатшысының ата-анасынан да COVID-19 инфекциясы анықталыпты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

Screenshot_1.jpg

Берік Уәлидің қазіргі халі жайлы танымал блогер Самат Нұртаза өз Facebook парақшасында жазды.

"Өкінішке қарай, Бекеңнің ата-анасына да індет жұғыпты. Қазір ол кісілер ауруханада жатыр. Бекең әкесі мен анасына алаңдап отыр. 70-ке келген үлкен кісілердің денсаулығы көтере алса екен дейді. Жаратқан жар болсын дедік. Басқа біздің қолдан не келеді? Бірақ мені ойландырғаны мынау. Осындай қиын-қыстау кезеңде, Бекеңнің өзі ғана емес ата-анасы да дертке шалдығып, аурумен күресіп жатқан кезде қолдау білдірудің орнына, сыртынан тон пішіп, саяси қадам деп, сайқымазақ пікірлер айтқан адамдардың ұяты, ары, намысы қандай деңгейде екені көрініп қалды. Тура осындай жағдайға түспейтініне ешкім кепіл бола алмас. Ертең сенің де отбасыңда болуы мүмкін. Сол кезде жұрт тілін шығарып күлсе, қандай күйде боласың? Сондықтан пікір айтар алдында ойланғандарың дұрыс деп ойлаймын", - деген ол баршаға бас амандығын тіледі. 

Түркістан өңірінің 68 білім беру ұйымы "саналы ұрпақ" жобасы бойынша есеп берді
Бірқатар елде вирус жұқтырғандар саны азайып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу