Президентік жастар кадр резервінің мүшесі лауазымды қызметке тағайындалды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Парасаттылық департаментінің директоры болып Ғанижан Асанұлы тағайындалды.
Агенттіктің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қаржы полициясы академиясының, «Болашақ» бағдарламасының (King’s College London, Ұлыбритания) түлегі Президентік жастар кадр резервінің мүшесі болған. Ғанижан Асанұлы жаңа қызметке тағайындалғанға дейін аталған департамент директорының орынбасары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің Түркістан облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған.