Қоғамдық көліктер тұрғындар үшін тегін тасымал жасайды

Oinet.kz 22-05-2020 1180

Screenshot_1.jpg

Түркістандағы қоғамдық көліктер Ораза айттың алғашқы күнінде жолаушыларды діттеген жеріне тегін жеткізбек. 

Қалалық әкімдік қолдауымен "Жолаушы" ЖШС жасағалы отырған қайырымдылық іс карантин режиміне байланысты таңертең және кешкі уақыттарда  көрсетіледі. Яғни, таңғы 7.30-9.30 және кешкі 18.00-20.00 аралығында 125 қоғамдық көлік қатынас жасайды. 

Жалпы, мұндай қайырымдылық шара мекеме тарапынан алғаш рет қолға алынып отыр. Басшылық елдегі жағдайды ескере отыра, халыққа демеу ретінде, қала әкімімен келісе іске асырылуы жоспарланып отырғанын айтты. Бұл іс шараға байланысты шығынды мекеме құрылтайшысы Тәңірбергенов Рахым Көлбайұлы толығымен өзі көтермек.

#birgemiz

#ХалықтықӘкімдік

#ГүлденеБерТүркістан

Коронавирустан көз жұмған жүкті келіншектің жақындары шындықтың бетін ашты
Шымкентте полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық істер бойынша ұсынымдар қаралды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу