Түркістан облысын тағы да су басты (видео)
13 мамыр күні кешкі уақытта Түркістан облысында нөсер жауын жауып, үш аудан су астында қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Облыстың төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Төлеби ауданының Жоғарғы Қасқасу ауылында қатты жауынның салдарынан Қасқасу өзені тасып, ауыл ішіндегі 4 көпірді шайған. Ал Екпінді ауылында аталған өзенде су деңгейінің көтерілуіне байланысты төрт жеке үй мен 15 аула аумағын су басты.
Шымкенттегі Еңбекші ауданының Елтай ықшамауданында Төлеби ауданынан суару каналдары арқылы ағып жатқан су 60 ауланының аумағына кірген. Тұрғындарды құтқарушылар, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері Тоғыс ауылының № 120 және № 119 ОМ эвакуациялық пункттеріне эвакуациялап жатыр.
Сонымен қатар, суды тартып шығару және арықтарды механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды.
Елтай тұрғын алабында эвакуациялық пункттерге 150 адам эвакуацияланды,150-ге жуық адам туысқандарына кетті. ТЖД мобильді тобы дауыс зорайтқыштардың көмегімен елді мекен тұрғындарын эвакуациялау туралы хабардар етті.
- "Тұрғын үйлердің аулаларындағы су деңгейі 20-50 сантиметр. Қазіргі уақытта су ағыны секундына 3-5 текше метрді құрайды", - делінген хабарламада.
Басылымның ақпараты бойынша, Төлеби ауданында төтенше жағдай орнына аудан әкімі Бауыржан Омарбековтың бастамасымен құрылған жұмыс тобы келді. Көпірлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Шымкент шекарасындағы Сұлтан Рабат ауылында да су көп, жолдар өзенге айналды. Бұл туралы куәгерлер хабарлады. Ленгерде де осындай жағдай.
Қазығұрт ауданында Алтынтөбе, Жігерген, С.Рақымов ауылдық округтерінің тұрғындарының үйлерін су басты.
- "Оқиға орнына Қазығұрт ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлері дер кезінде шығып, Алтынтөбе ауыл округі мен Қаржан елді мекенінде 2-үй, 1-емхана, 1-дәріхана, 2-қоражайдың аулаларына су кіргенін анықтаған. Ал, Жігерген ауыл округі бойынша 30-үйдің ауласына су кіргені және 4-қора құлағаны тіркелді. С.Рақымов ауыл округі Қызылата елді мекенінде 4-үй, 1-мешіттің ауласына су кіргені анықталған. Көкібел су қоймасының (151,0 мың м3) толуына байланысты Көкібел елді мекеніндегі 27 отбасының 133 адамы Көкібел мектебіне эвакуацияланып, азық-түлікпен, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімінің 30 қызметкері, аудан, ауыл әкімдігінің 15 қызметкері 6-техника және 5 мотопомпамен үй аулаларынан су шығару жұмыстарын жүргізуде. Апаттан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта жағдай толық бақылауға алынып, келтірілген залал шығындары есептелуде",- деп хабарлады Қазығұрт ауданы әкімдігі.
Сондай-ақ, Сайрам ауданында нɵсерлi жауын-шашынның салдарынан Ақсукент, Қарасу, Қарабұлақ, Манкент ауылдарындағы 7 үйдің ауласын су басты.
Бәйдібек ауданында Ақбастау ауылдық округіне қарасты Тұрақты елді мекенінде жауын-шашын салдарынан Тұтарық каналы 4 жерінен бұзылып, ауылды су басқан. Ал Боралдай ауылдық округіндегі Қаратас ауылының 6 үйіне, Боралдай ауылындағы Ә.Жұмаділұлы көшесіндегі 6 үйдің ауласына су кірген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram