Шымкент қаласы әкімінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз хатшысы болып Арай Есенбек тағайындалды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бұл туралы Дастан Асқарұлы әлеуметтік парақшасында жазды. Ол Арай Есенбекті жаңа қызметпен құттықтады.
Арай Есенбек биыл Шымкент қаласы Ақпараттық коммуникациялық орталықтың директоры болып тағайындалған еді. Оған дейін ол журналистика саласының бел ортасында жүрді. Ең алғаш 31 арнаның тілшісі болып көпшілікке танылған Арай Есенбек бірнеше редакцияда қызмет істеп үлгерді. Қай жерде жүрсе де ол әрқашан өзінің өткірлігімен, батылдығымен әріптестерінің арасында үлкен беделге ие болды.
Арай Пердешұлына жаңа қызметте табыс тілейміз!