Дариға Назарбаеваның бірінші ұлы туралы не білеміз?

Oinet.kz 11-05-2020 8639

Нұрәлі Әлиев - Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің бірінші ұлы. Ол, 1985 жылы 1 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстандық ірі бизнесмен, экономист. 

image.png

Білімі:

2001-2002 жылдары — Пеппердин университеті, Калифорния, АҚШ;

2002-2003 жылдары — Халықаралық университет, Вена, Австрия

2005 жылы — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірді, Алматы;

«ИМАДЕК» университеті, Австрия;

Техас университетінің McCOMBS Бизнес Мектебі, АҚШ.

Еңбек жолы:

2003 жылы — Sucden et denrees SA француз компаниясының халықаралық сауда департаментінде жұмыс істеді.

2004 жылы — «Қант орталығы» АҚ-да халықаралық бөлім басшысының орынбасары және халықаралық бөлім басшысы болды.

2004-2006 жылдары — «Қант орталығы» АҚ президенті лауазымын иеленді.

2006 жылы — «Capital Holding» көп салалы компаниясының негізін қалады.

2006-2007 жылдары — «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Hit TV» музыкалық телеарнасының Президенті қызметтерін атқарды.

2007 жылы — «Нұрбанк» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «Нұрбанк»АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2008 жылы — «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

2008 — 2013 жылдары — «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ вице-президенті, басқарушы директоры және басқарма мүшесі лауазымдарында еңбек етті.

2013-2014 жылдары — » Транстелеком» АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

2014-2016 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасар болды.

2017 жылы 31 шілдеден бастап — Қазақстан Республикасы Альпинизм және Спорттық шыңға өрмелеу федерациясының президенті қызметіне тағайындалды.

Басқа да қызметтері

Келесі мекемелерді басқарады:

Жеке кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссия;

Астана қаласы әкімдігі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес;

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес;

Астана қаласында «Құрылыс материалдары» пилоттық кластерінің үйлестіру кеңесі;

Астана қаласының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі комиссия;

Астана қаласына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және мерзімін ұзарту жөніндегі комиссия;

Ғылыми-техникалық даму жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Қайырымдылық қызметтері:

Нұрәлі Әлиев қайырымдылық қызметіне белсене араласады және еліміздегі ірі меценаттардың бірі. Ол «Ана үйі» қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, «Аналар үйі» қайырымдылық жобасының меценаты, «ZHANARTU»қайырымдылық қорының негізін қалаушы, Snow Leopard Foundation халықаралық қайырымдылық қорының құрылтайшысы. «Ана үйі» жобасы аясында Н.Әлиевке Алматы, Қарағанды, Орал және Қызылорда қалаларындағы төрт үй тиесілі.

«ZHANARTU» қорын Нұрәлі Әлиев жұбайы Аида Әлиевамен бірге құрған. Оның қайырымдылық қоры жас IT-дарындарды анықтайды және көмектеседі, дарынды студенттерге ІТ-мамандықтар бойынша гранттар бөледі және Қазақстандық инновациялық IT-стартаптарын қолдайды.

2017 жылдың мамыр айында «ZHANARTU» қайырымдылық қоры Қазақстандағы «Technovation challenge» халықаралық IT-конкурсының бас серіктесі және демеушісі болды. Нәтижесінде, Қазақстанның екі командасы Сан-Франциско қаласында 70-тен астам қатысушы елдердің арасында өткен әлемдік финалға жолдама алды.

Марапаттары:

Қазақстан ұлттық темір жол компаниясының медалі (2014 жыл)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мерейтойлық медалі (2015)

КИМЭП Университетінің «Ақпараттық жүйелерді дамытуға қосқан үлесі және Қазақстан Республикасында белсенді көшбасшылық ұстанымдары үшін» Құрмет дәрежесінің иегері

Активтері:

Нұрәлі Әлиев — «CAPITAL HOLDING» ЖШС инвестициялық холдингінің иесі және акционері. Сондай-ақ, «ТРАНСТЕЛЕКОМ» АҚ акционері.

Бизнесмен — «Қазақстан машина жасаушылар Одағы» Үйлестіру кеңесінің мүшесі.

2018 жылы Forbes сайты құрған “Қазақстандағы ең бай бизнесмендер” рейтингінде 28 сатыға орналасты. Өткен жылы Нұрәли Әлиевтің жағдайы 219 млн долларды құраған. Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесменнің қатарына кіреді.

Отбасы:

Нағашы атасы — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, ҚР Тұңғыш Президенті.

Атасы — Мұхтар Әлиев, белгілі кеңестік хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор.

Әкесі — Рахат Әлиев, саясаткер, бизнесмен және дипломат.

Анасы — Дариға Назарбаева, саясаткер, саяси ғылымдар докторы, тарих ғылымдарының кандидаты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

Әйелі — Аида Алиева(Имашева), Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, экс-министр Берік Имашевтің қызы. 1984 жылы дүниеге келген. Нұрәлі болашақ жарымен мектептің бірінші сыныбында танысып, 18 жасында үйленуге шешім қабылдайды. 2003 жылы 15 ақпанда Нұрәлі мен Аида шаңырақ көтереді.

Балалары: Ұлдары- Аллан, Ануар. Қыздары — Амира және Лаура.

Әлем картасында Қазақстан «Қырғыз республикасы» деп белгіленген
Тоқаев елдегі карантин мәселесі бойынша мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу