Президенттің коронавирусқа қатысты мәлімдемесі түске дейін жарияланады
Президенттің коронавирусқа қатысты мәлімдемесі түске дейін жарияланады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
- "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі коронавирус індетіне қатысты мәлімдемесі Akorda.kz сайтына түске дейін жарияланады", - деп жазды Берік Уәли.
Айта кетейік, бұған дейін президенті Twitter парақшасында бүгін халыққа мәлімдеме жасап, карантин шараларының жаңа тәсілдері жайлы айтатынын жеткізген еді. Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 10 сәуір күні еліміздегі Төтенше жағдайды сәуір соңына дейін ұзартылатынын хабарлаған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2717-ге жеткен. Олардың 682-і ауруынан айықса, 25 -і қайтыс болды. Ал COVID-19 инфекциясының таралу жағдайын ресми деректерге сүйене отырып бақылайтын онлайн ресурстың мәліметтеріне сенсек, дүние жүзінде коронавирус инфекциясы анықталғандар саны 2 992 501-ге дейін өскен, ал вирустан қайтыс болғандар 206 мыңнан асқан. Өткен тәулікте әлем бойынша 6 мыңнан аса адам COVID-19 инфекциясынан көз жұмған. Ауру жұқтыру мен өлім-жітімнің ең көбі әдеттегідей АҚШ-та тіркеліп отыр. Онда 26-сынан 27 сәуірге дейін вирустан 2 мыңнан аса адам ажал құшқан.