«Президент, далаға шықсам бола ма?»: Кішкене бүлдіршін Тоқаевқа өтініш айтты (видео)
Әлеуметтік желіде бүлдіршіннің әсерлі видеосы пайда болды. Видеода балақай мемлекет басшысынан далаға шығуға рұқсат сұраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Instagram-дағы Qostanay.TV парақшасына сілтеме жасап.
Видеода балақай көзіне жас алып, камерамен түсіріп отырған ер адамға далаға шыққысы келіп тұрғанын айтады. Ал ер азамат оған қазір көшеге шығып, ойнауға, қыдыруға болмайтынын, себебі елде карантин екенін, егер орны бұзса, айыппұл салатынын түсіндіреді. Бала бұл айтқандарға көнбей, мемлекет басшысынан далаға шығуға рұқсат сұрайды. Бұл видео желі қолданушыларына қатты әсер етсе керек, көбі өз ойларымен бөлісуде.
"Байғұс балалар, оларға мұны түсіндіріп жеткізе алмайсың", "Байғұс бала. Далада ауа райы тамаша болып тұрса да, қапырық үйде қамалуға мәжбүр. Жер үйде тұратындар бақытты ғой... Қазіргі жағдай кезінде олар күні бойы таза ауада отыра алады", "Менің өзімнің мұнда өкіріп, жылағып келіп отыр", – деп пікір жазды желі қолданушылары.
Еске сала кетсек, коронавирус пандемиясына байланысты елдегі төтенше жағдай режимі ресми түрде 30 сәуірге дейін ұзартылған болатын.
Ал осы апатда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан коронавируспен күресу жолында бұдан әрі қалай әрекет ететіні жайлы халыққа мәлімдеме жасайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram