Елордалық бойжеткен алтыншы қабаттан секіріп кетпек болды (видео)
Oinet.kz23-04-20201698
Нұр-Сұлтанда өмірмен қош айтыспақ болған 24 жастағы ару үйдің алтыншы қабатынан секіріп кете жаздады. Абырой болғанда бойжеткенді тәртіп сақшылары құтқарып қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Оқиға елордада 23 сәуір күні орын алған. Polisia.kz ақпаратынша, жергілікті тұрғындар Қонаев көшесіндегі үйдің алтыншы қабатында бойжеткен тұрғанын бірден "102" қызметіне қоңырау шалып хабарлаған . Полиция қызметкерлері бірден оқиға орнына шыққан. Берік Аққозов пен Фархад Төкенов есімді инспекторлар тұрғын үй маңына жеткенде бойжеткеннің балконнан секіруге дайындалып жатқанын көрген.
Анықталғандай, ол ғимараттың алтыншы қабатында болған. Тәртіп сақшылары алдымен бойжеткенді әңгімеге тарту арқылы көңілін аулау керектігін түсінеді. Оған қоса, диалог оқиғаға еш әсер етпей, азаматша төменге секіріп кеткен жағдайда тиісті шара қолдану қажет екенін де ескерген. Төкенов астыда қалып, онымен сөйлесуге кіріседі. Сол сәтте екінші полицей алтыншы қабатқа шығып, есікті бұзып кіріп, қызды көтеріп алған.
Аққозовтың айтуынша, оқиға санаулы секундтарда өрбіген екен. Ол бойжеткенді құтқарамын деп өзі де тәуекелге бара жатқанын ойламаған.
Тәртіп сақшысына қыздың көршісі келіп көмектесіпті. Екеуі елордалық тұрғынды қайтадан пәтерге кіргізген. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін азаматшаны "Байқоңыр" ауданының полиция басқармасына алып кетті. Елордалық полиция басшылығы орын алған оқиғада ерлік танытқан қызметкерлер мадақталатынын хабарлады.