Коронавирусқа байланысты түрмеден босатылған адам жарты сағаттан соң қайтадан түрмеге қамалды

Oinet.kz 23-04-2020 1572

АҚШ-тың Калифорния штатында біреудің көлігін соғып кеткені үшін сотталған ер адам коронавирусқа байланысты түрмеден босатылып, артынша 37 минуттан соң қайта қамауға алынған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

image.png

Дереккөз мәліметінше, 19 сәуірде Роки Мьюзик біреудің көлігін соғып кеткен. 12 сағаттан соң бостандыққа шыққан. Алайда 37 минуттан соң ол жанармай құю станциясына барып, біреудің көлігін айдап әкеткен. Ол оқиға орнынан жасырынбақ болған, алайда полицейлер оны итпен бірге соңынан қуып, ұстай алған.

Ер адамға медициналық көмек көрсетілген соң оны қайта түрмеге жіберген.

​Елордалық бойжеткен алтыншы қабаттан секіріп кетпек болды (видео)
Түркістан қаласында халықаралық әуежайдың құрылысы қарқынды жүруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу