Біртанов елімізде карантиннің қашанға дейін созылатынын айтты

Oinet.kz 22-04-2020 8890

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде карантин мамыр айының соңына дейін созылатынын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Кінәлілер жазалануы тиіс»: Біртанов Атырау ауруханасында қайтыс болған 6 жасар қыз туралы

Біртанов карантинді алу туралы елдегі вирус жұқтырғандардың сан төмендей бастаған кезде ғана ойлану керектігін айтады.

"Әрине, адамдар қауіпсіздікті сақтауды үйренгенше, барлық елдердің үкіметтері шектеу шараларын сақтауға тура келеді. Біз осы қауіптен толық құтылмайынша, қандай да бір шектеу шаралары сақталады", - деді ол Instagram желісіндегі тікелей эфир кезінде.

Ол карантиндік шаралардың тиімділігі науқастардың қаншалықты пайда болуына байланысты болатынын атап өтті.

Ақтөбелік студент суға батып бара жатқан бүлдіршінді құтқарып қалды
«Шектен шықты»: Нұр-Сұлтан полициясы желіде тараған видеоға пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу